Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғыны жол ережесіне қайшы маневр жасаймын деп көлігінен айырылды

Опубликовано:

Көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізіп келе жатқан адам. Көрнекі фото: AzmanL / Getty Images

Павлодарда жергілікті тұрғын көлік жүргізіп келе жатқан кезде жол ережесін бұзып, маневрлар жасаған. Ол алкогольге мас күйде болғаны анықталды. Салдарынан оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Павлодар облысында 1587 құқықбұзушылықтың жолы кесілді.

"Аймақтық полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін дұрыс сақтауын қадағалайды, сондай-ақ шетелден келген жұмысшылардың және өзге қалалардан келген азаматтардың бар-жоғын анықтау мақсатында мал және егін шаруа қожалықтарына тексеріс жүргізеді", - деп баяндады облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Қуаныш Мұстафинов.

Осылайша қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлесу, жылдамдықты арттыру және ұсақ бұзақылық жасағандар жазаланған.

"Көлік жолдарындағы ең ауыр мәселе – алкогольге мас күйде көлік жүргізгенінің салдарынан туындайтын жол-көлік оқиғалары. Мәселен, бұл дерекке байланысты 34 жүргізуші жауапқа тартылған еді", - деді Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы Павлодар-Шарбақты тас жолында полицейлер Nissan көлігінің алдында жол ережесіне қайшы маневрлар жасап келе жатқан жүргізушіні байқады.

"Шетелдік көлік біресе жол жиегіне шығып кетіп, бірде қайтадан тасжолға шығып, маневрлар жасаған. Жүргізуші көлікті алкогольге мас күйде тізгіндегені белгілі болды. Сонымен қатар ер адам бұған дейін де былтыр маусымда көлікті алкогольге мас күйде басқарғаны үшін ұсталғаны анықталды, бірақ ол тағы да көлікті мас күйде тізгіндеген", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Ведомство өкілдері қылмысқа қарсы күрес, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы 30 маусымға дейін жалғасатынын еске салды.

Полиция департаментінің өкілдері азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға әрі тәртіп сақшыларының талаптарына бағынып, тексеру мақсатында жеке құжаттарды сұраған жағдайда ұсынуға шақырды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2123598-pavlodar-turgyny-zhol-erezhesine-qaishy-manevr-zhasaimyn-dep-koliginen-aiyryldy/