Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда күн бұзылып, қала көшелерін су басып, жарық сөніп қалған (видео)

Опубликовано:

Құтқарушылар құлаған ағашты жойып жатыр
Құтқарушылар құлаған ағашты алып тастап жатыр. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Атырауда қатты жаңбырдан қаланың бірнеше көшесін су басып, ағаштар құлаған. Сонымен қатар қатты желдің салдарынан электр желілері зақымдалып, көптеген тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда кеше, 25 маусымда түнде бірнеше көшенің тұрғындары жарықсыз қалды. Жергілікті "Атырау Жарық" энергетикалық компаниясы Instagram-дағы парақшасында жарық неліктен сөніп қалғанын хабарлады. Компанияның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Гагарин мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында қатты желдің салдарынан электр желісінің 3 бағанасы құлаған.

Энергетиктердің айтуынша, жедел топтар құрылып, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, электр қуаты өшіп қалған аумақтарда "Атырау Жарық" АҚ-ның 6 жедел-құтқару жасағы жұмыс істеп жатыр, оған қоса қосымша 4 жасақ құрылған.

Ал Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті кеше кешке Атырауда 8 мм жауын жауғанын хабарлады.

"Қолайсыз ауа райының салдарынан ағаштар құлап, сынғаны тіркелді, 26 мамырда сағат 00:20-да "Авангард" шағын ауданында үйлердің бірінің алдында құлаған терек жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар құтқарушылар қаланың аудандарында суды сору әрі жедел құтқару жұмыстарын ұйымдастырды", - деп хабарлады ТЖД.

Сондай-ақ қала әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында жаңбыр жауғаннан кейін қала көшелерін басқан судың видеосын жариялады. Видеодан су сору жұмыстары түні бойы жүргізілгенін көруге болады. Алғашында қала көшелеріне 11 арнайы техника жұмылдырылған. Бірақ кейін олардың саны 20-ға дейін өсті.

Түнде Атырау әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов Instagram-дағы парақшасында осы жайтқа байланысты пікір білдірді.

"Қазіргі таңда қаланың орталық көшелерінде 26 арнайы техника жұмыс істеп жатыр, тағы қосымша техника жұмылдырамыз.

Сондай-ақ дауылдан кейін электр қуатын қалпына келтіру үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Атырау әкімдігінің қызметкерлері штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр", - деді ол түнгі сағат 02:10-да.

Сонымен қатар 04:33-те Ермұханов суды сору және электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124027-atyrauda-kun-raiy-buzyldy-qala-koshelerin-su-basyp-agashtar-men-elektr-baganalary-qulady-video/