Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адвокат апелляциялық сотта Байжановқа қатысты үкімнің күшін жоюды сұрады

Опубликовано:

Бақытжан Байжанов
Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/ Jogargy_sot

Астанадағы апелляциялық сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжановтың адвокаты үкімнің күшін толығымен жоюды және істі қайта қарауды сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев сот үкімін шығарған алқабилерге сұрақтар дұрыс қойылмағанын айтты. Бұл Байжановтың жағдайын қиындатып, оны ақталу мүмкіндігінен айырған көрінеді.

Ынтықбаев негізгі сот талқылауындағыдай тағы да Байжановты ақтауға тырысты. Ол сотталушы қылмыс ізін жасыруға көмектеспегенін, өйткені Салтанат Нүкенова қайтыс болғанын білмегенін алға тартты.

"Байжанов бұрын сотталмаған. Мінез-құлқы жағымды, алкоголь тұтынбайды. Қазір үш баланы тәрбиелеп отыр, әйелі жұмыс істей алмайды. Бірақ сот оған ең ауыр жаза тағайындап, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл қалай болғаны? Неге рецидивистер мен бұрын сотталғандар аз алады, ал Байжановқа ауыр жаза тағайындалады", - деді адвокат.

Бұл ретте Ынтықбаев қорғауындағы сотталушының жазасын жеңілдетуді емес, оны толық ақтауды сұрады.

"Мен Байжановқа қатысты істі жаңа сот талқылауына жібере отырып, үкімнің күшін толық негізде жоюды сұраймын", - деді қорғаушы.

Айта кетейік, бүгін, 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.

Экс-министрдің адвокаттары сот процесінде заң бұзылғанын айтып, алқабилердің тегін жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124420-advokat-apelliatsiialyq-sotta-baizhanovqa-qatysty-ukimning-kushin-zhoiudy-surady/