Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені заңсыз соттады": Байжанов апелляциялық сотта судьяларға үндеу жасады

Опубликовано:

Бақытжан Байжанов
Бақытжан Байжанов. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Астанадағы апелляциялық сатыдағы сотта сотталушы Бақытжан Байжанов соттан әділдікке деген сенімін қайтарып, үкімнің күшін жоюды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Байжанов негізгі сот отырысында алқабилерге сұрақ дұрыс қойылмағанын алға тартты.

"Бірінші сотта заңға негізделген әділ үкімге мүмкіндігім жоқ еді. Бұл күмәнім сот кеңесу бөлмесіне кетпей тұрып, алқабилерге өз сұрағын оқыған кезде артты. Сот олардан өзім хабарлаған әрекеттер дәлелденді ме деп сұрады.

Әрине, дәлелденді. (...) Мен өзім олардың ешқайсын жоққа шығармай, ашық айтып отырмын. Алқабилер олар дәлелденген жоқ деп айта ала ма?" - деді Байжанов.

Ол Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні бейнебақылау камераларындағы жазбаны өшіргенін, мейрамхана қызметкерлерін жұмыстан босатқанын "дәлелденген әрекетке" теңейтінін айтты.

Осылайша Бақытжан Байжанов үкімнің күшін жоюды және оның эпизоды бойынша жаңа сот ісін бастауды сұрады.

"Үкіммен толығымен келіспеймін, өйткені мені заңсыз соттады. Құрметті әріптестер (судьяларға – ред. ескертпесі), бүгін сіздер осы қателікті түзейтін құзыретке иесіздер. Сіздер біздің жүйе әділдік негізінде құрылғанын дәлелдей аласыздар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124447-meni-zangsyz-sottady-baizhanov-apelliatsiialyq-sotta-sudialarga-undeu-zhasady/