Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың адвокаты Жоғарғы сот пен Адам құқықтары жөніндегі комитетке жүгінетінін айтты

Опубликовано:

Назым Құсайынова
Назым Құсайынова. Фото: t.me/ Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назым Құсайынова экс-министрдің апелляциялық шағымы бойынша сот шешіміне пікір білдірді. Қорғаушы тарап мұнымен тоқтамай, барлық инстанцияға жүгінуге ниетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назым Құсайынованың айтуынша, қорғаушы тарап бұл шешімге дайын болған.

"Бәрін алдын ала дайындап қойдық. Әрі қарай да шағымданамыз. Жоғарғы сотқа, Қазақстандағы барлық инстанцияға жүгінеміз. Тиісінше халықаралық ұйым – Адам құқықтары жөніндегі комитетке барамыз. Бәрін жазып, дәлелдейміз", - деді Назым Құсайынова сот отырысынан кейін.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы аяқталды. Төрағалық етуші судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Еске салсақ, 10 маусымда Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті.

Өтініш берушілер:

  • Бақытжан Байжановты іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды;
  • Қуандық Бишімбаевтың Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша айыптау бөлігіндегі үкімін (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қайта саралап, өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны азайтуды, сондай-ақ істі жаңа қарауға жібере отырып, үкімнің күшін жоюды сұрады.

Осыған дейін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляция бір айға созылатынын айтты.

Бүгін, 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.

Экс-министрдің адвокаттары отырыста осыған дейінгі сот процесінде заң бұзылғанын айтып, алқабилердің тегін жария етті.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-дағы арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД өкілдері күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Сонымен бірге оның туыс інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды және қылмыс туралы хабарламады деген күдікпен құрықталды.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты басты сот отырысы 27 наурызда басталды.

Сот процесі ашық режимде өтті, ол Жоғарғы соттың YouTube желісіндегі парақшасында онлайн көрсетілді.

13 мамыр күні сот үкімімен Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты. Алқабилер алқасының үкімімен:

  • Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5) тармағымен кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған;
  • Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124579-bishimbaevtyng-advokaty-zhogargy-sot-pen-adam-quqyqtary-zhonindegi-komitetke-zhuginetinin-aitty/