Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев қаласының әкімі жер қытайлықтарға берілді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қонаев қаласындағы жағажай
Қонаев қаласындағы жағажай. Фото: Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында ірі жер бөлігі қытайлықтарға берілді деген ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты қала әкімі Асхат Бердіханов кәсіпкерлермен кездесіп, мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 га жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тараған.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "Жібек жолы" ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құюға ниеттенген. Жер көлемі – 7.9 гектар.

Асхат Бердіханов
Асхат Бердіханов. Фото: Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан жер, яғни №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп жатыр. Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ.

Қазіргі таңда №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етуде. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орыны аталған инвестжобаның құрамына енді. Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс жасайды", - делінген хабарламада.

Оның айтуынша, қаланың бекітілген бас жоспарына сәйкес, қаладағы 9 жағажайды да абаттандыру жоспарланып жатыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124651-qonaev-qalasynda-akimdik-zher-qytailyqtarga-berildi-degen-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/