Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда қаза тапқан Айгүл Сайлыбаеваның денесі Қазақстанға жеткізілетін болды

Опубликовано:

Айгүл Сайлыбаева
Айгүл Сайлыбаева. Фото: Ашық дереккөз/ KAZ.NUR.KZ

Германияда туыстары экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесін Қазақстанға жөнелтуге дайындап жатыр. Бұл туралы Еуроодақтағы меншікті тілшісіне марқұмның ағасы Жанат Сайлыбаев хабарлаған, деп жазады ҚазАқпарат.

Жанат Сайлбыбаев қазір Германияда жүргенін және Айгүл Сайлыбаеваны туған елінде жерлеу үшін денесін Алматыға жөнелту мәселесімен айналысып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды.

Бұған дейін 40 жастағы әйел Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, соңғы уақытта Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған.

Айгүл Сайлыбаева 4 маусымда таңертең қызын балабақшаға апарған. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Кейін оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды.

BILD басылымының хабарлауынша, әйелдің мәйіті полиэтилен қапта болған, ол өлім алдында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Тергеуге Гессен федералды штатынан 35 тергеуші қатысып жатыр.

Айгүл Сайлыбаеваның мәйітін беру процесінің басталғанын Германияның тергеу жүріп жатқан Дармштадт қаласының прокуратурасы да растады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124759-germaniiada-qaza-tapqan-aigul-sailybaevanyng-denesi-qazaqstanga-zhetkiziletin-boldy/