Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баласын тұншықтырып өлтіргенін айтты": ІІМ Алматы облысындағы қыз баланың өліміне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Бүлдіршін
Бүлдіршін. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Алматы облысында көз жұмған кішкентай қызға қатысты тың дерек айтты – бүлдіршін шолу дөңгелегінен секіріп кеткен әйелдің қызы болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Горький саябағында Қазақстан азаматшасы шолу дөңгелегінен секіріп кетті. Марқұмның туыстарының сөзіне сенсек, ол бұған дейін өзінің ерекше күтімді қажет ететін кішкентай баласын тұншықтырып өлтіргенін айтқан. Бала "Д" есебінде тұрғаны (диспансерлік бақылау – ред. ескертпесі) анықталды.

Жедел топ әйелдің тұрғылықты жеріне барған кезде баланың денесі табылды", - деді вице-министр Марат Қожаев.

Ол қазір бұл дерек бойынша іс тергеліп жатқанын айтты. Қожаев әйелді бұл әрекетке не итермелегенін айту әлі ерте екенін атап өтті.

Еске салайық, 25 маусымда Алматыда М.Горький атындағы саябақта бір келіншек шолу дөңгелегі аттракционынан секіріп, қаза тапқаны хабарланған болатын. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін облыстық полиция департаменті оның кішкентай қызы өлі күйде табылғанын мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2124924-balasyn-tunshyqtyryp-oltirgenin-aitty-iim-almaty-oblysyndagy-qyz-balanyng-olimine-qatysty-pikir-bildirdi/