Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атыстың барлық қатысушысы анықталды": ІІМ өкілі Қонаевтағы жағдайға түсінік берді

Опубликовано:

Тапанша
Тапанша. Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі министрінің орынбасары Марат Қожаев Қонаев қаласында болған атысқа қатысушылардың барлығы анықталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Қазір ұстау шаралары жүргізіліп жатыр",-деді ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев.

Ол жанжал салдарынан ауруханаға оқ жарақатынан екі адам түскенін мәлімдеді.

"Біреуі, өкінішке қарай, көз жұмды", - деді Қожаев.

Бұған дейін Қонаев қаласында атыс болғаны туралы ақпарат тарағанын, салдарынан бір жігіт қаза болғанын жазған едік.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125032-bir-adam-koz-zhumdy-qozhaev-qonaev-qalasyndagy-atysqa-qatysty-pikir-bildirdi/