Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың өкімі: Ақордада БАҚ саласындағы марапаттар кімдерге берілді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен БАҚ саласындағы бірқатар қызметкерге сыйлықтар табыс етілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа;

2. «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке;

3. «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға;

4. «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді;

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. Qazaqstan ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа;

2. "Хабар" агенттігі" АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға;

3. Jibek jolyтелеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа;

4. "Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды;

Қазақстан Республикасы президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:

1. "24KZ телеарнасының шығармашылық ұжымына;

2. Литер республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына;

3. Baqkz ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына;

4. "Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында марапатталған азаматтар арасынан Qazaqstan dauiri газетінің бас редакторы Ертай Айғалиев, Павлодар облысы "Ирбис" телеарнасының тілшісі Елена Белоградова және Qazaqstan ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы-продюсері Ақерке Бектас сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125095-toqaevtyng-okimi-aqordada-baq-salasyndagy-marapattar-kimderge-berildi/