Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен Ақтауды таза қала деп ойладым": блогер лас судың Каспий теңізіне ағуын видеоға түсіріп алған

Опубликовано:

Лас судың ағуы
Лас судың ағуы. Видеодан кадр: instagram/azamat_sarsenbayev/

Ақтаулық блогер лас судың Каспий теңізіне ағып жатқанын видеоға түсіріп алған. Экология департаменті видеоға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтаулықтың айтуынша, ол кәріз суы теңізге ағып жатқанын видеоға түсіріп алған. Су төгетін арнадан кәрізге тән түстегі лас су ағып жатқаны айтылады.

"Ол кезде мен Ақтауды Каспий теңізіне қоқыс төгу жағынан Баку мен Махачкаладан әлдеқайда таза деп ойлайтын едім. Бұл жалғыз қалалық жағажай, не істедіңдер?" - деп жазды жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев.

Экология департаменті видеоға жауап айтып, жағдайға қатысты түсініктеме берді. Облыстық басқарманың басшысы Армат Жүсіпқалиев: "Бұл ескі видео" деп қысқаша жауап берді.

Айтуынша, эколог дәлел ретінде арнадағы судың қай жерде таза екенін көрсетіп, бүгін түсірілген фотосуретті жіберген. Алайда шенеунік видеоның қаншалықты ескі екендігіне жауап бермеді

Блогер Азамат Сәрсенбаевтың өзі видеоның 26 маусым күні таңғы сағат 7-де түсірілгенін және лас судың ағуы бір күннен кейін тоқтағанын айтады. Бірақ бұл, Сәрсенбаевтың пікірінше, мұндай әрекеттерге көз жұмып қарауға болады дегенді білдірмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2125329-men-aqtaudy-taza-qala-dep-oiladym-bloger-las-sudyng-kaspii-tengizine-aguyn-videoga-tusirip-algan/