Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 млрд доллар деген масқара ақша емес пе": Дулат Исабеков Назарбаевпен арадағы диалогы туралы айтты

Опубликовано:

Дулат Исабеков пен Нұрсұлтан Назарбаев
Дулат Исабеков пен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Қазақ жазушысы, драматург Дулат Исабеков Kultobe Podcast жобасына берген сұқбатында тұңғыш президентпен арадағы диалогы туралы айтты.

Әңгіме барысында Дулат Исабеков тұңғыш президенттің екі жақты мінезі бар екенін жеткізді. Ол шекараның бекітілгенін Назарбаевтың басты жетістігіне теңеді. Жазушы экс-президентке қатысты түрлі қауесет естігенін де жасырған жоқ.

Дулат Исабеков бұл тақырып аясында Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей тілдескен.

"Назарбаев екеуміз бұл жайлы сөйлестік. Ол кезде Назарбаев билікте отырған, мен Лондонға екінші рет бара жатқанмын. Сол кезде "Қазақстанның байлығы жетеді, Нұреке (...). Көптеген адам 10 млрд доллармен шетелге қашып кетіп жатыр.

Біз солардың ақшасын неге қайтармаймыз? 10 млрд доллар деген масқара ақша емес пе? Мен 100 млн долларым болса, қайда жұмсарымды білмес едім" дедім", - деп баяндады ол.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127162-10-mlrd-dollar-degen-masqara-aqsha-emes-pe-dulat-isabekov-nazarbaevpen-aradagy-dialogy-turaly-aitty/