Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда балабақша камерасын көргеннен кейін тәрбиеші жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Балабақша
Балабақша. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде балабақшада тәрбиешінің балаларға қол көтергені көрсетілген бірнеше видео пайда болды. Бұған қатысты Павлодардың білім бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодарда түсірілген видео Telegram желісінде жарияланды. Кадрда мұғалімнің үш балаға жақындап келіп, бір баланың қолында ұстаған затын алып, желкесінен ұрып жатқанын көруге болады. Бала басын ұстап, орнынан жылдам кетіп қалды. Қалған екі бала да қашып кетеді.

Содан кейін әйел үстел басында отырған басқа балаға жақындап, оны желкесінен ұрады. Кейіннен еңкейіп, оған бірдеңе айтады және оның алдына бір затты күшпен қояды.

Оқиғаға қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.

"2024 жылғы 1 шілдеде №79 балабақшаның орта тобының ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінді. Камераны қарау барысында 26-27 маусымдағы жазбаларды қарау барысында күннің екінші жартысында тәрбиешінің дөрекі іс-әрекеті тіркелді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, осы фактіге байланысты тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылған.

"Сонымен қатар білім бөліміне дер кезінде хабар бермегені үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына беріледі", - деп атап өтті білім басқармасынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2127501-pavlodarda-balabaqsha-kamerasyn-korgennen-keiin-tarbieshi-zhumystan-quyldy/