jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Ата-аналар да жауапқа тартылды": Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті (видео)

    Мопедтер
    Тұраққа қойылған мопедттер. Видеодан кадр: polisia.kz

    Алматы полицейлері автотұраққа қойылған мопедтерді көрсетті. Тескеру барысында 4 800 мопед жүргізушісі және 5 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

    Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы деректерді анықтау және жолын кесуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

    Осы орайда профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, оған қатысушылар арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Өткен демалыс күндері қала жолдарында 2 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды, оның басым бөлігін электросамокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар жасаған.

    Жалпы самокаттар мен мопедтерді пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға қатысты жергілікті іс-шара басталғаннан бері 4 800 мопед жүргізушісі және 5 200 самокат жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың екі дөңгелекті көлікті пайдалануына ерекше назар аударылады.

    "100-ге жуық ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл жалпы заң мен қауіпсіздік стандарттарына қайшы келеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

    Спикердің айтуынша, кең ауқымды рейдтер нәтижесінде мыңнан аса мопед, сондай-ақ 3 мың 625 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

    "Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар жалғасуда. Жыл басынан бері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 оқиға бойынша екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген", – дейді Серік Шумаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.