Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы – еліміздегі жалғыз жоғары ғылыми ұйым

Опубликовано:

ҚР ҰҒА
Фото: ҚР ҰҒА

Мемлекет басшысы "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қол қойды. Қабылданған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" ҚР заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болып саналады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымы (бұдан әрі – Академия) ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым, экономика мен қоғамның стратегиялық маңызды мәселелерін шешу, ғылыми-талдамалық зерттеулер жүргізу, Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамытудың басым бағыттарын анықтау мен енгізуге қатысу, ғылымның аса маңызды салаларында жүргізілетін іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында объективті, ғылыми дәлелденген деректер негізінде ғылыми-техникалық және басқа салалардағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдарын біріктіру мақсатында құрылған.

Ұлттық ғылым академиясы жоғары ғылыми ұйым ретінде:

  1. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  2. уәкiлеттi ұйым ретінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Ғылым және техника жөнiндегi ұлттық кеңестiң қарауына ұсынатын ғылым мен техниканы дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргiзедi;
  3. бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жасайды;
  4. ғылымның дамуы бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындайды және жүргізеді;
  5. ғылым саласындағы жеке сыйлықтар мен шәкіртақыларға конкурстар өткізеді;
  6. ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
  7. ғылымды насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

"Ғылыми-техникалық саясат туралы" Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясына жетекші шет елдердің үлгісі бойынша елдің ғылыми-инновациялық әлеуетін дамыту мен нығайтуға белсенді қатысуға, ғылыми философия мен академиялық ойды дамыту мүмкіндігін береді.

Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің, стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу арқылы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты іске асыруға, сондай-ақ мемлекет әзірлеген ғылым мен техниканы дамытудың стратегиялық басым бағыттарын талдау және ғылым мен техниканы дамытудың перспективалық бағыттарын айқындауға белсене қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2128443-qr-prezidentining-zhanyndagy-qr-ulttyq-gylym-akademiiasy-elimizdegi-zhalgyz-zhogary-gylymi-uiym/