Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ескерткіш құлап, 7 жасар қыз бала қаза болды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

Опубликовано:

саябақ
"Жеңіс" саябағы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Атырау облысы ПД тергеу басқармасы Атыраудағы Жеңіс саябағында ескерткіш құлап қайтыс болған жеті жасар қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Оқиғаға куә болған және көмектескен куәгерлер іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Атырау қаласы Авангард-3 мөлтек ауданындағы Жеңіс саябағында ескерткіштің құлауы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

"Оқыс оқиғаның нақты мән-жайын анықтау, іс бойынша жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін 25 маусым 2024 жылы кешкі мезгілде болған қылмыстық құқық бұзушылықты көрген, құлаған ескерткішті көтеруге жәрдемдескен тұлғаларды Атырау қаласы Әбілқайырхан даңғылы, №55 (кабинет №329) мекенжайында орналасқан тергеу басқармасына жүгінуді немесе 98-22-72, +7702-741-53-95, +7747-750-95-95 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - деді полиция департаменті тергеу басқармасының өкілдері.

Еске сала кетейік, 25 маусымда Атыраудағы "Жеңіс" саябағында үстіне ескерткіш құлап, жеті жастағы қыз бала көз жұмған еді.

Кейін көз жұмған қыздың әкесі оқиға қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше, шығатын есікке шамамен 50 метр қалғанда қатты жел көтеріліп, ауыр заттар ұша бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129103-atyrauda-eskertkish-qulap-7-zhasar-qyz-qaza-boldy-politsiia-kuagerlerdi-izdep-zhatyr/