jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Армениядан Қазақстанға қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды

    Кісен салу
    Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін, 5 шілдеде Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Армениядағы елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

    Бас прокуратура ақпаратынша, 2019-2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы Finiko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, нәтижесінде жалпы сомасы 167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.

    "Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған және ол сол елде ұсталды.

    Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды", - делінген хабарда.

    Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

    Армениядан Қазақстанға қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.