Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мерзімі өтіп кеткен вакцинаны қолданған дәрігерлер жазаланды

Опубликовано:

вакцина
Екпе салдырып отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен жылы Павлодар облысындағы емханаларда вакцинациялау кезінде мерзімі өтіп кеткен препараттар қолданылған. Осыған жол берген дәрігерлер қандай жазаға тартылғаны мәлім болды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық прокуратура Павлодар облысының Аққулы және Тереңкөл аудандарында бес балаға қызылшаға қарсы жарамсыз екпе салынған хабарлады.

арамдылық мерзімі өтіп кеткен 21 536 419 теңгеге 9 488 вакцинаны кәдеге жаратып, бюджет қаражатын ұтымсыз пайдаланған. Медициналық ұйымдардың тоғыз басшысы мен қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке, тағы екі қызметкер ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді қадағалау органы өкілдері.

№1 "Поликлиника" ЖШС әкімшілігі өз қызметкерлеріне – балалар емханасының меңгерушісі мен бас медбикеге қатаң сөгіс жариялады. "ViamedisPavlodar" ЖШС мен Павлодар қаласының №1 емханасының екі екпе медбикесіне 55 380 теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, "Viamedis Pavlodar" ЖШС-не бекітілген үш жасқа дейінгі екі бала мерзімі өтіп кеткен "Пентаксим" препаратын алған. Вакцинацияланған балалардың ешқайсысында теріс белгілер байқалмады.

ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу жеке тұлғаларға 30 АЕК (110 760 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға айыппұл салуға әкеп соғатынын атап өтеміз: орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 230 АЕК (849 160 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК (1 144 520 теңге) мөлшерінде – 1600 АЕК мөлшерінде (5 907 200 теңге).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2129736-pavlodar-oblysynda-merzimi-otip-ketken-vaktsina-ushin-darigerler-zhazalandy/