Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкент полициясы балаға күш көрсеткен ер адамның видеосына байланысты іс қозғады

Жарияланған күні:

Ер адам мен жасөспірім
Ер адам мен жасөспірім. Видео кадры: Telegram/Egovpress

Әлеуметтік желілерде дубинка ұстаған ер адам жасөспірімге соққы жасағаны түсірілген видео жарияланды. Шымкент полициясы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Egovpress арнасында жарияланған видеода күзетші киіміне ұқсас формадағы ер адам жасөспірімді бірнеше рет дубинкамен ұрғаны көрінеді. Жасөспірім үнемі кешірім сұрап, бұдан былай мұндай әрекет қайталанбайтынын айтады. Ер адам жасөспірімді сөгіп, бірнеше рет дубинкамен соққы жасауға талпынды, кейін оны ұрады.

Видеодан жасөспірімге қандай күшпен соққы жасалғанын анықтау қиын. Жасөспірім үнемі кешірім сұрап, мұндай әрекет қайталанбайтынын айтады. Жанында екі ер адам оқиғаны бақылап тұр.

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл кадрларға байланысты түсініктеме берді.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаменттегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130261-shymkent-politsiiasy-balaga-kush-korsetken-er-adamnyng-videosyna-bailanysty-is-qozgady/