Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайы өкілдері күту залында төбеден су ағуына байланысты пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Астана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана әуежайы өкілдері күті залында төбеден су ағуына байланысты пікір білдірді. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, әуежайда жөндеу жұмыстары кезінде су құбырына зақым келтірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары кезінде су құбырына зақым келтірілді. Қазіргі уақытта біздің мамандар жағдайды түзету және жұмысты мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеуде", - делінген әуежайдың Telegram-дағы ресми арнасында.

Сондықтан әуежай өкілдері ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраған.

"Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызды бағалаймыз. Біз жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз. Әуежай қызметкерлерінің нұсқауларын және әуежай жұмысындағы кез келген уақытша өзгерістерді көрсететін белгілерге мән берулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарда.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде әуежай ішінде төбеден су аққаны түсірілген видеолар жарияланған болатын. Мысалы Telegram-дағы Astanovka98 арнасында әуежай ішінде түсірілген видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130387-astana-auezhaiy-okilderi-kutu-zalynda-tobeden-su-aguyna-bailanysty-pikir-bildirdi/