Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында суға батып бара жатқан мектеп оқушысы құтқарылды

Опубликовано:

Су
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында суға батып бара жатқан мектеп оқушысы құтқарылды. Оқиға Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында болған. Жасөспірімді құтқарушылар судан аман-есен алып шыққан, деп жазады "ҚазАқпарат" агенттігі.

Аталған жайтқа қатысты өңірлік ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді.

"11-сынып оқушысы демалыс аймағындағы жағажайға ата-анасымен бірге қыдырып келген. Көлде шомылып жүріп, суға бата бастаған. Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы кезекшілік атқарған жерден бірден екі құтқарушы жұмылдырылды.

Екеуі жасөспірімді судан аман шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті", - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Жетісу облысында туристер мінген жол талғамайтын көлік суға ағып кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130447-pavlodar-oblysynda-suga-batyp-bara-zhatqan-mektep-oqushysy-qutqaryldy/