Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үшеуі бұрын істі болған": Ақмолада терроризмді насихаттағандар абақтыға жабылды

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитететі 7 қазақстандық пен 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдастыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ҰҚК Telegram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметіне сүйенсек, ссотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.

"Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған", - деп жазылған хабарламада.

Ақмола гарнизондық әскери сотының үкімімен оларға 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім 2 сәуірде заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130486-usheui-buryn-isti-bolgan-aqmolada-terrorizmdi-nasihattagandar-abaqtyga-zhabyldy/