jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

Энергетикалық сусын
Энергетикалық сусын. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды. Тиісті заң Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Бүгін мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң аясында өскелең ұрпақтың денсаулығын энергетикалық сусындардың зиянды салдарынан қорғау үшін мұндай сусындарды 21 жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын мақұлдады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанда 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.