Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы ауданды су басты: полиция адамдарды эвакуациялап жатыр (видео)

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы су басқан аудан
Жамбыл облысындағы су басқан аудан: t.me/POLICE_of_KZ

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Сарысу ауданы Жаңатас қаласында ТЖ салдарын жоюға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, жауын-шашын салдарынан Жаңатас қаласында 400-ден астам нысан мен 47 үй су астында қалды. Оқиға орнына облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин және бөлініс бастықтары жедел түрде барған.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарға барлығы 242 адам, 54 техника, 24 мотопомпа және 1 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 техникасы тартылды.

Полиция қызметкерлері елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап, су басқан үйлердегі мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялауға қатысуда.

Одан бөлек бекітілген учаскелерде патрульдеу жүзеге асырылып жатыр. Сел тасқыны облыстық маңызы бар "Жаңатас-Саудакент" автожолының учаскесіне зақым келтірді. ПД күшімен қоршау қойылып, елді мекендерге кіру балама жол арқылы қамтамасыз етіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130603-zhambyl-oblysyndagy-audandy-su-basty-politsiia-adamdardy-evakuatsiialap-zhatyr-video/