Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір қаласын толассыз жауған жаңбыр суы басты (видео)

Опубликовано:

Семейдегі жауын. Фото
Семейдегі жауын. Фото: Semey24

Дүйсенбі, 8 шілдеде Семейде күн бұзылды – нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел cоқты. Қаланың кейбір көшелерін су басты, деп хабарлайды Abainewskz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан қаланың көптеген көшесінде көлік кептелісі пайда болып, жел кейбір ғимараттардың қаңылтыр шатырын ұшырып әкетті.

Сонымен қатар бірнеше аудан жарықсыз қалды.

Қалалық әкімдік журналистерге бір күнде қалада бір айлық жауын-шашын түскенін, сол себепті нөсерлі кәріз жүйесіне көп су жиналғанын айтты.

"Қазір Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мердігерлері арнайы техниканың көмегімен бірнеше көшелерде, сондай-ақ "Қарағайлы" ықшам ауданы мен Шығыс кентінде суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Суды соруға 14 вакуумдық ассенизатор, 8 жылжымалы мотопомпа және 8 цистерналары бар автомашиналар жұмылдырылып, 7 мың текше метрден астам су сорылған.

Еске салсақ, 7 шілде кешкілік нөсер жаңбыр салдарынан Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 400-ден астам нысан мен 47 үй су астында қалды.

Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері Сарысу ауданындағы төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайларға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130675-qazaqstannyng-tagy-bir-qalasyn-tolassyz-zhaugan-zhangbyr-suy-basty-video/