Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының Талғар ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

Опубликовано:

Көл. Фото
Көл. Фото: el.kz

"Ашық НҚА" порталында Алматы облысы Талғар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімнің жобасы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматы облысы Талғар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", - делінген құжатта.

Қоғамдық талқылаулар бүгін, 9 шілдеде аяқталды.

Бұған қоса Талғар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан басшысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына баруды уақытша шектеу туралы шешім қабылдады.

"Мұндай шешім Талғар өзенінің сол жақ бассейнінде орналасқан мұздық пен көлдің жағдайына мониторинг жүргізуге байланысты қабылданды.

Бұл шара Талғар, Кеңдала, Ақтас елді мекендері тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шектеулерді сақтауды және ресми ақпарат көздерінде жарияланған ақпаратты қадағалауды сұраймыз", - делінген Алматы облысы әкімдігінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2130951-almaty-oblysynyng-talgar-audanynda-totenshe-zhagdai-rezhimi-engizildi/