jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанадағы дәмханалардың бірінде ақша ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

    Ақша ұрлап жатқан ер адам
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/police__astana

    Астанада кафелердің бірінде түнде ұрлық жасаған ер адам бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Ақша ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана ПД-ға сілтеме жасап.

    "Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері кассадан ақша ұрлады деген күдікке ілінген 34 жастағы азаматты құрықтады.

    Тергеу барысында қаскүнемнің түнгі сағат 02.30 шамасында Алаш тас жолы бойында кетіп бара жатып, пластикалық терезені бұзу арқылы кафеге кіргені белгілі болды", - делінген хабарламада.

    Ер адам кассадан 38 мың теңге сомасында ақша және сусындар ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Кафеге түскен ұрының іс-әрекеті қауіпсіздік камерасының жазбасына түсіп қалған.

    Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындаған.

    ПД өкілдері күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын хабарлады.

    Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрламау үшін объектілерді күзету бойынша шаралар қабылдауға, оларды бейнебақылау камераларымен және басқа да күзет құралдарымен жабдықтауға ескертті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.