Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда шомылу маусымы ашылмаса да бес адам суға кеткен: құтқарушылар ескерту жасады

Опубликовано:

Атырау
Атырау. Фото: KAZ.NUR.KZ

Биыл Атырауда су тасқынына байланысты жағажайларда шомылуға әлі де рұқсат берілмеген. Дегенмен қауіпті аймақта суға кеткендердің саны азаймай тұр. Жыл басынан бері бес адам су айдындарында қаза тапқан, оның біреуі – кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атыраулық құтқарушылар Индер ауданы Көктоғай ауылындағы Жайық өзенінен 13 жасар ер баланың мәйітін тапты. Атырау облысы Төтенше жағдайлар депаратменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 маусымда жасөспірім рұқсат етілмеген жерде шомылған. Баланың денесін құтқарушылар үш күннен кейін іздеп тапқан. Қазіргі кезде Көктоғай ауылындағы Жайық өзенінің деңгейі 16 метр, ал ені 200 метрді құрайды дейді басқарма мамандары.

"Атырау облысында жағажайлар ресми түрде ашылған жоқ. Өйткені су көтерілу қаупі әлі де жоғары, судың деңгейі түспеді. Одан бөлек үлкен сумен бірге көп мөлшерде қоқыс та келді. Соны тазарту жұмыстары жүргізіледі. Тыйым салынғанына қарамастан өзендерге шомылушылар саны көп. Күн сайын құтқарушылар профилактикалық шаралар, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді Атырау облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің маманы Фаруза Кайроллина.

Мамандар су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзған тұлғалар 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтады. Су тасқыны басталғалы ережені бұзған 12 адамға хаттама толтырылған. ТЖ мамандары су қоймаларына түспеуді қатаң ескертеді.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131635-atyrauda-shomylu-mausymy-ashylmasa-da-bes-adam-suga-ketken-qutqarushylar-eskertu-zhasady/