Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында бала құқықтары жөніндегі жаңа өңірлік уәкіл тағайындалды

Опубликовано:

Сәуле Шәкенова
Сәуле Шәкенова. Фото: instagram.com/shakenevasaule

Павлодар облысында Сәуле Шәкенева бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқу басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл арасында жасалған меморандумның қолданылуының аяқталуына байланысты Наталья Покидова қызметінен босатылған.

Оның орнына Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың өкімімен Сәуле Шәкенева бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл болып тағайындалды.

Шәкенева Сәуле Сәбитқызы 1970 жылы туған. 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын "Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар қаласындағы №26 ЖОББМ мұғалімі болып бастаған. 1994-2012 жылдар аралығында құқық қорғау органдарында жұмыс істеді. Полиция подполковнигі атағы бар. 2022 жылдан бастап "Отбасы және балалар. Павлодар" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131881-pavlodar-oblysynda-bala-quqyqtary-zhonindegi-zhanga-ongirlik-uakil-tagaiyndaldy/