Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық көлік жүргізуші 1,7 миллион теңге айыппұл арқалап, көліксіз қалды (видео)

Опубликовано:

Патрульдік полиция
Патрульдік полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Tаразда полицейлер патрульдеу кезінде Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты – көлік жүргізушісіне 55 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 1 696 706 теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ақпараттық порталында жарияланған мәлімет бойынша, көлік Жамбыл облысында орналасқан "Қорғау" жүйесі арқылы анықталған.

"Бұл көліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін тұрақты бұзып келген және айыппұлдардың негізгі бөлігі жылдамдықты бұзғаны үшін салынған", - деп атап өтті Ішкі істер министрлігі.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Ведомствоның хабарлауынша, "Қорғау" мобильді қосымшасы жол қозғалысын автоматты түрде қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін енгізілген. Онда ішкі істер органдарының аппараттық-бағдарламалық жүйелері, мобильді қосымшалары кіріктірілген, олардан ақпарат полиция қызметкерлерінің планшеттеріне жіберіледі.

"Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылған автокөліктерді, оның ішінде айыппұлдар бойынша берешегі бар жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзушыларды және т.б. анықтауға мүмкіндік береді", - дейді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2131899-qazaqstandyq-kolik-zhurgizushi-1-7-million-tengge-aiyppul-arqalap-koliksiz-qaldy-video/