Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрыш балонын шашқан жасөспірім 2 айға қамауға алынды, оған екі бап бойынша айып тағылды

Опубликовано:

Күдікті жасөспірім
Күдікті жасөспірім. Видео кадры: t.me/kriminal_kazakhstan

Ақтөбеде балалардың бетіне бұрыш балонын шашқан жасөспірімді сот екі айға қамауға алды. Оған екі бап бойынша айып тағылғаны мәлім болды. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кеше, 10 шілдеде 16 жастағы жасөспірім мамандандырылған тергеу сотына әкелінді. Оған қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат түскен.

Мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жасөспірім мас күйінде басқа кәмелетке толмаған баланың кроссовкасын ұрлап, оған 16 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Осыдан кейін жасөспірім бұзақылық ниетпен балалардың бетіне бұрыш балонын шашқан. Мұның бәрін өзі видеоға түсірген.

Сотта жеткіншектің елден тыс жерде жасырынбақ болғаны, бірақ Батыс Қазақстан облысының аумағында ұсталғаны айтылды.

"16 жастағы жасөспірім басқа елдің азаматы болып шықты, сот ол бостандықта жүргенде қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін қылмыстық қудалау органы мен соттан жасырынуы мүмкін деп шешті. Оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген материалда.

Еске салсақ бұған дейін Ақтөбеде балаларға бұрыш баллонын шашқан күдікті қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132151-burysh-balonyn-shashqan-zhasospirim-2-aiga-qamauga-alyndy-ogan-eki-bap-boiynsha-aiyp-tagyldy/