Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрын-соңды болмаған жауын-шашын мен "Есентай" СО-дағы сорғының істен шығуы: Алматы әкімдігі түсінік берді

Опубликовано:

Арнайы техника
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметi

Бүгін Алматыдағы Каменск үстіртінде жарты сағаттың ішінде жауын-шашын қалыптан тыс мөлшерде жауып, "Есентай молл" сауда орталығындағы жерасты автомобиль тоннелі су астында қалды. Жауын-шашын көлемі орташа айлық нормадан едәуір асты.

Сағат 18:30-дан бастап әл-Фараби даңғылындағы (Ж.Үшкемпіров көшесінің қиылысы) жаңбыр суы арық желісіне сыймай, даңғылдың жол бөлігіне қарай арнасынан шықты. Сағат 19:00-ден бастап нөсер жауынның суы әл-Фараби даңғылының жол бөлігіндегі көлік айрығының Шығыс және Батыс бұрылыстарына, сондай-ақ "Есентай" СОО қарсы жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жайылды.

Алматы қаласы полиция басқармасы қызметкерлері көлік құралдарының қозғалысын бұрылыс аймағында шектеді. Бұрын соңды болмаған нөсер жауыннан көлік айрығының сорғы станциясының автомат құрылғылары істен шықты. Сорғы станциясы "Есентай" СОО-ның балансында және ол қолмен қосылғанын айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта сорғылар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тоннельдерден су сору жұмысы қалыпты жағдайда жүргізіліп жатыр. Жұмыстарға қаланың коммуналдық қызметтері мен Құтқару қызметінің арнайы су сорғыш техникасы мен мотопомпалары қосылған.

Жаңбыр жауа бастаған сәттен су тасқынының алдын алу және оны жою, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша ертең түстен кейін температура +29...+31 дейін көтеріледі және қысқа әлсін әлсін жаңбыр жауы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132220-buryn-songdy-bolmagan-zhauyn-shashyn-men-esentai-so-dagy-sorgynyng-isten-shyguy-almatyda-zhauyn-shashyn-kesirinen-su-basudyng-sebebi-men-saldaryn-zhoiu-turaly/