Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарыарқа" АЭА" бекетінің экс-басшысы контрабандаға кінәлі деп танылғанмен, жазадан босатылды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

"Сарыарқа" АЭА" бекетінің экс-басшысы рақымшылық бойынша жазадан босатылды. Сондай ақ оның әрекетін қайта саралау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Жоғарғы cотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Соттың Telegram-дағы реми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Оспановқа қатысты қылмыстық істі қараған.

Сот үкімімен Оспанов экономикалық контрабанда жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 234-б. 2-б. 4-т), оған 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу тағайындалған.

"Рақымшылық актісі негізінде Оспанов жазадан босатылды. Контрабанда заты – құны 395 млн теңгеден асатын майнерлер мен кабель мемлекет кірісіне айналды", - деп атап өтілді сотта.

Кассациялық наразылықта прокурор Оспановтың әрекеттерін ҚК 236-бабының 1-бөлігіне қайта саралауды (кедендік баждарданжалтару), сотталғанды қылмыстық жауаптылықтан босатуды және жабдықты тиесілігіне қарай қайтаруды сұрады.

Сот алқасы істі қарап шыққаннан кейін Оспановтың экономикалық контрабанда жасаудағы кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді.

Сот сотталған Оспановтың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу тәртібін әдейі қате декларациялау және таңдап алынған кедендік рәсім туралы жалған мәліметтерді көрсету арқылы бұзғанын дәл анықтады.

Бұл "Сарыарқа" АЭА аумағына баждар мен салықтарды төлемей, Грузиядан ферроқорытпаларды дайындауда және технологиялық процесте пайдалану түрімен әкелінген "Ant-miner S9" маркалы цифрлық майнингке арналған жабдықты кедергісіз әкелуге және орналастыруға мүмкіндік берген.

Маманның қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған объектілер тар мамандандырылған құрылғы. Әкелінген жабдықтардың (майнерлер) жалғыз мақсаты – металлургия өнеркәсібімен ешқандай байланысы болмайтын криптовалюталарды өндіру.

Көрсетілген мән-жайлар куәгерлердің айғақтарымен, шарттармен, кедендік декларациямен, буып-түю парағымен, камералдық тексеру актісімен және мамандардың қорытындыларымен расталады.

"Баяндалғанның негізінде сот актілері өзгеріссіз қалдырылды", - делінген сот хабарламасында.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2132274-saryarqa-aea-beketining-eks-basshysy-kontrabandaga-kinali-dep-tanylganmen-zhazadan-bosatyldy/