Алматының перзентханаларының бірінде тағы бір шақалақ шетінеп кетті (видео)
Опубликовано:
Алматыдағы №5 перзентханада тағы бір шақалақ шетінеп кетті. 31 жастағы Гүлжайна Божбанова сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.
Медиктер келіншектің ағзасын сезімталдыққа тексерместен "Магнезия" перапаратын егіпті. Баласынан айырылған ана сотқа шағым түсірді. Гүлжайна Божбанова осыған дейін 2 перзентін дін аман босанған. Ал, үшіншісін өмірге әкеліп, қапыда көз жазыпты. 9 ай бойы тиісті медициналық бақылаудан өтіп тұрдым, денсаулығымнан дәрігерлер еш кінәрат таппаған,- дейді Гүлжайна.
Гүлжайна Божбанова, сәбиінен айырылған ана:
-Денсаулығым жақсы еді. Дәрігерлер еш ақау таппады.
Уақыты жеткенде 31 жасар келіншек шекесі торсықтай ұл табады. Бірақ отбасы мерейі ұзаққа созылмай сәби екі күннен соң шетінеп кетіпті. Гүлжайна "толғақ қысқанда дәрігерлер арнайы тексеруден өткізбестен "Магнезия" деген препаратты екті. Содан аллергия болып денем бөртіп еді " - дейді. Ол нәресте ажалына сол ағзаға жақпаған дәрі себепкер деп санайды.
Гүлжайна Божбанова, сәбиінен айрылыған ана:
-Баланың шекесінде гемотома бар екен. Педиатрдан сұрап едім мына гематома неден пайда болды деп. Іштей қысым, давление болған соң, тамыр қысылған деп түсіндірді. Медициналық тілді түсінбеймін, бірақ балам өледі деп ойлаған жоқпын.
Ал, перзентхана қызметкерлері өздеріне шаң жуытпайды. Айтуларынша, бөбек мерзіміне жетпей, шала туылған. Өмір сүру қабілеті төмен болған. Медбикелер сөзі осы. Бас дәрігерге күрделі ота жасап жатыр деп жолатпады.
Гүлжайна Әуезов аудандық прокуратурасына шағым түсірді. Әділеттілікті заң орындарынан күтпек. Айта кетерлігі, осыдан 1 жарым ай бұрын Бөкебаева деген келіншек 10 жыл зарыға тосқан перзентімді өлтіріп алды деп дәл осы 5- перзентхананың үстінен шағым түсіріп еді. Денсаулық министрлігі құрған арнайы комиссия тексере келе, 14 наурыз күні сәби ажалына дәрігерлер салғырттығы себепкер деген тұжырым шығарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/213781-almatynyn-perzenthanalarynyn-birinde-tagy-bir-shakalak-shetinep-ketti-video/