Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Катар күдіктілерді бір-біріне экстрадициялай алады

Жарияланған күні:

Күдікті
Кісен салу. Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

Қазақстан мен Катар қылмыс жасады деген күдікті адамдарды бір-біріне экстрадициялай алады. Тиісті заң жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24 шілдеде сайтта "Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 7 тамызға дейін жалғасады.

Заң жобасына сәйкес, Қазақстан мен Катар қылмыс жасады деген күдікті адамдарды бір-біріне экстрадициялай алады.

"Осы келісімнің ережелеріне және олардың ұлттық заңнамасына сәйкес, тараптар сұрау салу бойынша олардың аумағында қылмыс жасағаны үшін анықталған, тараптардың заңнамасына сәйкес бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе одан да ауыр жаза тағайындауға екінші тарапқа беруге міндеттенеді", - делінген құжатта.

Еске салайық, дәл осындай келісім Қазақстан мен Кипр арасында 2022 жылдың шілдесінде жасалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139766-qazaqstan-men-katar-qylmyskerlerdi-bir-birine-ekstraditsiialai-alady/