Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Шахаровтан өз еркімен қызметінен кетуді ұсынған шенеунік жаңа лауазымға тағайындалды

Жарияланған күні:

Сәбит Дүйсекенов. Фото
Сәбит Дүйсекенов. Фото: sabit_duissekenov

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Табиғи ресурстар басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекеновке өз еркімен қызметінен кетуді ұсынды. Осы аптада шенеунік жаңа қызметке ие болды, деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өткен аптада бұрынғы қызметінен кетер алдында шенеунікті Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аппарат отырысында қатаң сынға алған болатын.

"Сенбіліктерде үнемі ағаш отырғызамыз, олар қайда? Оларға күтім жасалмайды, суарылмайтын. Біз көшеттерді жерге отырғызамыз, олар өле береді. Жыл да бір нәрсе қайталанады", - деп аймақ басшысы Сәбит Дүйсекеновтың жұмысына наразылығын білдірді.

Табиғи ресурстар басқармасының басшысы бөгеттерді де жөндеп, салуға берген уәдесін орындамағаны белгілі болды.

Асхат Шахаров шенеунікке өз міндетін атқара алмайтынын айтып, өз еркімен жұмыстан кетуге кеңес берген. Артынша ол қызметінен кетті. Осы аптада Сәбит Дүйсекенов Қобда ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140359-ashat-shaharovtan-oz-erkimen-qyzmetinen-ketudi-usyngan-sheneunik-zhanga-lauazymga-tagaiyndaldy/