Астанада шетелдік азаматты әдепсіз әрекеті үшін елден шығарды
Жарияланған күні:
Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз мигрантқа қатысты әкімшілік істер қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орында әдепсіз мінез-құлық көрсеткені (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) және шетелдiктiң ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі) құқық бұзушы К.-ға қатысты 2 істі қарады.
Істің мән-жайы бойынша К. қоғамдық орында болған кезінде бұрын таныс емес әйелге қатысты әдепсіз мінез-құлық көрсеткен.
Сондай-ақ құқық бұзушы құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген.
Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі және 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Еске сала кетейік, жақында Астанада 1000-ға жуық адам тіркеген пәтер иесі сотталды. Астаналықтың ауданы 35,7 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерінде 937 адам тіркелген. Фактіні елорда прокуратурасы көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру аясында анықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140407-astanada-sheteldik-azamatty-adepsiz-areketi-ushin-elden-shygardy/