Қостанай облысында сейсмикалық жағдай болды: оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері аттанды
Опубликовано:

Қостанай облысында сейсмикалық жағдай тіркелді. Бұл туралы ҰЯО Геофизикалық зерттеу институты деректер орталығының ресми сайтында хабарланды.
ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 27 шілдеде Астана уақыты бойынша 9:54 минутта (Гринвич бойынша 04 сағат 54 минут) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай жер 21 км жерде сейсмикалық жағдай тіркелді.
"Эпицентрдің координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4", - делінген хабарда.
Ал ТЖМ Telegram-дағы арнасында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
"Оқиға орнына облыстық ТЖД қызметкерлері кетті", - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін 19 маусымда Қырғызстан мен Өзбекстан аумағында жер сілкінгенін жазған едік. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстанда, Ташкенттен 170 шақырым қашықтықта болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2140492-qostanai-oblysynda-zher-silkindi/