jitsu gif branding logo appbranding logo app

Павлодардың орталығында үлкен шұңқыр пайда болды (видео)

Шұңқыр. Фото
Шұңқыр. Фото: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодардағы Ломов көшесінің бойындағы асфальтты су жарып шықты. Желіде гидравликалық сынақтардың нәтижесінде пайда болған үлкен шұңқырды көрсететін кадрлар пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған видеодан асфальттың үстіңгі бөлігі ойылып түскенін байқауға болады. Салдарынан көшені су басқан.

"Жалпы, керемет, тағы да сусыз қалатын болдық", "Кез келген қаланың тірлігі осы", "Павлодарда өмір қайнап жатыр", "Қаншалықты шыдауға болады? Жыл сайын бір жері жарылып жатады", - деп жазады желі қолданушылары.

"Павлодарэнерго" АҚ осы жағдайға қатысты түсінік беріп, жарылыс гидравликалық сынақтардың нәтижесінде болғанын айтты.

"29 шілдеден бастап жылу желілерін жөндеуден кейін гидравликалық сынақтан өткізуге байланысты оңтүстік желілік аймақтағы барлық үйге ыстық су беру тоқтатылды. Желіден қуат алатын, зақым анықталмаған үйлердегі сынақтар аяқталғаннан кейін ыстық су қайта беріле бастайды", - деп мәлімдеді кәсіпорынның баспасөз қызметі өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.