"ҚазМұнайГаз" басшылығының құрамында өзгерістер болды
Жарияланған күні:
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компания басшылығының құрамында өзгерістер болды. Бұл туралы компания Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Руслан Әлібекұлы Балықбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі жобалар бағытын басқарады.
Балықбаев Қазақстан-Британ техникалық университетін "Мұнай және газ кен орындарын игеру", Турин қаласының политехникалық университетін (Polytechnic University of Turin) мұнай инженері магистрі мамандығы бойынша бітірген.
2013-2024 жылдары PSA ЖШС-де менеджер, аға менеджер, департамент директоры, Солтүстік Каспий жобасы бойынша бас менеджер (Басқарма мүшесі) болып қызмет атқарды.
Атқарған қажырлы еңбегі үшін "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасымен, "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төсбелгісімен марапатталған.
2019 жылдан бері Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141370-qazmunaigaz-basshylygynyng-quramynda-ozgerister-boldy/