jitsu gif
Денсаулық

    "Құлақ тесігін бітеуге қолданылады": Шымкентте дәрігерлер жаңа ота түрін жасай бастады

    Ота
    Ота. Фото: КІАҒЗИ баспасөз қызметі

    Шымкент қалалық балалар ауруханасының лор дәрігерлері балалардың тесілген құлақ пердесін бітейтін тимпанопластика отасын жасауда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Телеарнаның хабарлауынша, бұл операцияда науқастың самай бұлшықетінің талшықтары алынып, құлақ тесігін жамауға қолданылады. Нәтижесінде құлақтан іріңнің ағуы тоқтатылып, есту қабілеті мен өмір сүру сапасы жақсарады.

    Ерекше отаны қалалық балалар ауруханасының лор-дәрігері Нұрсұлтан Әбен жасап жатыр. Ота уақыты шамамен 1,5 сағатқа жуық және жалпы жансыздандыру әдісі қолданылады.

    Әзірге құлақ-тамақ-мұрын және бет-жақ хирургиясының білікті дәрігерлер құрамы 3 балаға сәтті ота жасаған. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылуда.

    Тимпанопластика отасы таяу күндері 7 жастағы балаға жасалды. Бұрын мұндай операциялар Алматы мен Астана қалаларындағы медициналық ұйымдарда ғана жасалатын. Пациенттің ата-анасы ұзақ кезек күтпей Шымкент қалалық балалар ауруханасына таңдау жасағандарын айтады.

    "Құлақ тесігін бітеуге қолданылады": Шымкентте дәрігерлер жаңа ота түрін жасай бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.