jitsu gif
Оқыс оқиға

    Антикор бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады

    Әділ Бақыт
    Әділ Бақыт. Фото: t.me/antikornews

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сәтбаев қаласы полиция басқармасының бұрынғы жедел уәкіліне іздеу жариялаған. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Антикор ақпаратынша, Сәтбаев қаласы ПБ бұрынғы жедел уәкілі Бақыт Әділ Есенжолұлына іздеу жарияланған. Ол 2000 жылы 25 шілдеде Қарағанды облысында туған.

    Ол Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

    Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау".

    І"здеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе [email protected] электрондық поштасына жазу).

    Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі", - делінген хабарда.

    Антикор бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.