Колонияға қайтып оралмай, басқа біреудің көлігіне мініп кеткен қазақстандыққа жаңа үкім шықты
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеуден жалтару және автокөлікті ұрлау түрінде қасақана құқықбұзушылық жасау туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Соттың Telegram-дағы ресми арнасына сәйкес, 2024 жылғы шілдеде Қызылжар аудандық сотында басқаға тиесілі автокөлікті айдап кеткені үшін (ҚР ҚК-нің 200-б. 1-б.), сонымен қатар айдауылсыз жүріп-тұру құқығын пайдаланатын сотталған адамның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазасын одан әрi өтеуден жалтару мақсатында түзеу мекемесiне қайтып оралмауы (ҚК 427-б. 1-б.) бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
"Сотталған азамат ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде қылмыстық жазасын өтеу кезінде жұмыс орнында болған. Жұмыс күнінің соңында, сағат 17:00 кейін сотталған жұмыс орнының аумағынан шығып, мекеменің орналасқан жеріне келмеген. Сотталған түзеу мекемесінен тыс жерде жүргенде М.-ға тиесілі автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен", - делінген хабарламада.
2024 жылғы 14 маусымда сағат 15:40 шамасында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде мекеме қызметкерлері сотталған азаматты ұстады.
"Сотта сотталушының кінәсі дәлелденді", - делінген хабарда.
Бұл қылмысты сотталушы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотының бұрынғы үкімі бойынша өтелмеген 2 жыл 4 ай 15 күндік жазасы бар жазасын толық өтемей тұрып жасаған.
"Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, ҚР ҚК-нің 58-б. 3-б. негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-б. 1-б., 427-б. 1-б. бойынша жаза тағайындалды. Бірінші жаза бойынша өтелмеген уақыттың болуын ескере отырып, ҚР ҚК 60-б. 4-б. 1-т. ережесі бойынша, 2022 жылғы 26 шілдедегі бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы, түпкілікті жаза 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтеу үшін тағайындалды", - деп атап өтілді сотта.
Үкім заңды күшіне енген жок.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142733-koloniiaga-qaityp-oralmai-basqa-bireuding-koligine-minip-ketken-qazaqstandyqqa-zhanga-ukim-shyqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.