Жасанды интеллект қазақстандық прокурорларға соттағы сөзін дайындауға көмектеседі
Жарияланған күні:
![Компьютер алдында отырған роботтар Компьютер алдында отырған роботтар](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/148cb8765ad873b7.jpeg)
Қазақстандық прокурорларға сотта сөз сөйлеуге көмектесетін модуль әзірленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Біздің жұмысымызда басымдық берілетін бағыттардың бірі — Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің әлеуетін арттыру. Аталған комитет жаңа цифрлы және инновация технологияларды енгізу, жасанды интеллектті қолдану бойынша үлкен жұмыстар жасап жатыр. Прокурордың соттағы сөзін дайындау үшін жасанды интеллект технологиясын қолданатын инновациялық модуль әзірленді", — деді Бас прокуроры Берік Асылов.
Оның айтуынша, қылмыстық және әкімшілік сот өндірістері, тексерулер тағайындау, азаматтардың өтініштеріне қарау цифрланды. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, "Талдау орталығы", "Құқық қорғау, арнайы және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесі" және "Қадағалау" БАТЖ жасалып, жұмыс атқарылып жатыр.
Бұған дейін Берік Асылов елде 200 мыңнан астам күдікті банк операциялары мен ірі депозиттерге жасалған келісімшарттар тексеріліп жатқанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142748-zhasandy-intellekt-qazaqstandyq-prokurorlarga-sottagy-sozin-daiyndauga-komektesedi/