Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пара алды деп айыпталған кеден бекетінің қызметкері 63 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді

Жарияланған күні:

Костюмдегі ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Кеден бекетінің қызметкері "Стамбұл-Астана" әуе қатынасы арқылы контрабандалық жолмен декларацияланбаған алтын бұйымдар мен медициналық дәрі-дәрмектерді алып келгені үшін пара алған. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, сот пара алу фактісі бойынша (ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі) азамат Т.-ға және контрабандалық жүкті әкелгені және пара бергені үшін (ҚК 234-бабының 2-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі) Д.-ға қатысты үкім шығарды. "Т. кеден бекеті басшысының орынбасары бола отырып, азаматша Д.-дан кедендік шекара "Стамбұл-Астана" әуе қатынасы арқылы контрабандалық жолмен декларацияланбаған алтын бұйымдар мен медициналық дәрі-дәрмектерді алып келгені үшін 1 060 000 теңге көлемінде пара алған, ал соңғысы аталған ақшалай сыйақыны берген.

Сотталушылар кінәсін мойындап, шын жүректен өкінді.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамалары мен мамандардың қорытындыларымен дәлелденді", - делінген хабарламада. Прокурор айыптауды қолдап, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қорғаушы тарап жеңілдетілген мән-жайларды ескере отырып, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі параның 50 еселенгеннен 60 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасызн көздейді.

Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігі бойынша 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыру жазасы беріледі.

Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі параның 40 еселенгеннен 50 еселенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазаны көздейді.

Сотпен сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында жас балаларының болуы, шын жүректен өкінуі және қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуі танылды.

Т.-ның жауаптылығын ауырлататын жағдай – ол қабылдаған антын бұзуы, Д. - ға қатысты мұндай мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен Т. ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 60 еселенген сома (63 600 000 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Д. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, параның 26,6 еселенген сомасы (28 196 000 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143767-para-aldy-dep-aiyptalgan-keden-beketining-qyzmetkeri-63-mln-tengge-aiyppul-toleuge-mindetteldi/