Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айка тізімі": 6,5 жылға сотталған блогердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

Жарияланған күні:

Судья үкім оқып тұр
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Апелляция алқасы Love Aikа ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Алматы соттары Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Сот ақпаратынша, Алматы қалалық сотында М. мен Т.-ға қатысты қылмыстық іс қайта қаралды.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ 52 эпизод бойынша жеңгейтайлықпен айналысу (ҚК 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) бойынша кінәлі деп танылып, 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Т. 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп танылып (ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) 3 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған

Сотталушылар үкімге апелляциялық шағым берген.

Өз кезегінде апелляция, қылмыстық істі зерттей отырып, сотталғандарға қатысты айыптаудың толық растауын тапқанын атап өтті.

2023 жылғы мамырда М., аса ірі мөлшерде мефедронды психотроптық затты сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.

2020-2023 жылдар аралығында М., Т.-мен бірге женгетайлық ұйымдастырып, қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланды. М. осы қызметтерден жеке өзіне немесе өз көмекшісі Т. арқылы пайыз алды.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

Апелляция үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143794-aika-tizimi-apelliatsiialyq-shagym-tusirgen-sottalgan-blogerding-ukimi-ozgerissiz-qaldy/