jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысының тауларында ресейлік әйелді құтқару үшін тікұшақ көтерілді (фото, видео)

Құтқару сәті. Фото
Құтқару сәті. Фото: ҚР ТЖМ

Құтқарушылар Алматы облысы тауларында Ресейден келген туристке көмектесу үшін тікұшақты көтерді. Әйел өзін нашар сезінген, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ ақпаратынша, жағдай Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында болды.

Туристік маршрутпен жүріп келе жатқан алты Ресей Федерациясының азаматынан тұратын топтың басшысы – 1968 жылы туған әйел өзін нашар сезініп, әрі қарай жол жүре алмаған.

Әйелді құтқару үшін тікұшақ қажет болды.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні бір сүйемелдеушімен таудан түсіріп, оны Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Қалған қонақтар маршруттарын жалғастырды", - деп мәлімделді ведомствода.

Еске салсақ, Төтенше жағдай министрлігі құтқарушылары Алматы тауларында жеті жасөспірімді құтқарған еді.

Алматы облысының тауларында ресейлік әйелді құтқару үшін тікұшақ көтерілді (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.