2 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді: ҰҚК Алматы мен Астанада арнайы операция жүргізді (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстанда 3 ірі есірткі зертханасы жойылды, қара нарықта тәркіленген есірткінің жалпы құны 2 миллиард теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпаратынша, Астана және Алматы қалаларында ҰҚК полициямен және прокуратура органдарының үйлестіруімен 3 ірі есірткі зертханасын жойды.
"Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 93 кг астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. "Қара" нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден асуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144514-2-mlrd-tenggening-esirtkisi-tarkilendi-uqk-almaty-men-astanada-arnaiy-operatsiia-zhurgizdi-foto/