jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Іздеуде жүрген шетелдік азамат Павлодарда ұсталды

Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда көрші елде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, павлодарлық жедел уәкілдер анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынған тұлғалардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған шараларды қолға алуда.

"Осылайша Павлодарда іздеуде жүрген көрші мемлекеттің азаматы анықталып, 2022 жылдың қазан айында көрші мемлекеттің аумағында бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген азамат ұсталды.

Күдікті құқық қорғау органдарынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта ұсталғаны туралы іздестіру бастамашыға хабарланды", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Балғабай Қапаров.

Ол жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот төрелігінен жасырынып жүрген 50-ге жуық қылмыскерді тауып, ұстағанын айтты.

Іздеуде жүрген шетелдік азамат Павлодарда ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.