Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар маңындағы жол апаты: ІІМ көлік тізгінінде күзет басқармасы бастығы болғанын растады

Жарияланған күні:

Көлік рөлі
Көлік рөлі. Фото: pexels.com

Ішкі істер министрлігі Павлодар облысындағы жол апатына үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бұрынғы бастығының қатысы болғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Ол құрықталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша ІІМ бұйрығымен қызметкер теріс себептермен жұмыстан босатылды. Бұған дейін ол үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін желіде Павлодар облысындағы жол апатында қаза тапқан азаматтың жұбайы үндеу жасаған еді. Ол жол-көлік оқиғасына Астанадағы жоғары шенді құқыққорғаушының қатысы бар екенін айтқан. Келіншектің сөзінше, марқұм күйеуі "Волга" көлігін тізгіндеген.

Куәгерлер жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мас күйінде "Волганы" жол бойымен сүйреп кеткенін, салдарынан ол қарсы жолаққа шығып, басқа көлік құралымен соқтығысып, аударылғанын айтқан.

Жол апаты Байдал және Кенжекөл елді мекендерінің арасында болған. Ал Павлодар облыстық ПД сараптама нәтижесі жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мас күйде болғанын растағанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144679-pavlodar-mangyndagy-zhol-apaty-iim-kolik-tizgininde-kuzet-basqarmasy-bastygy-bolganyn-rastady/